АймақБас тақырып
Қарағанды облысында 9 ауыл жарықсыз қалды
27 тамыз күні сағат 00.23-те Шет ауданы Қошқарбай ауылындағы Бұғылы көшесінде трансформаторлық май және оның өзге де жанғыш бөлшектері өртенген. Жалпы 25 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Оқыс оқиға салдарынан Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққиақ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал ауылдары электр қуатынсыз қалған.
Өрт сағат 02.48-де ауыздықталған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда «Жезқазған электр желісін тарату компаниясы» АҚ күшімен трансформатордан қуатталған абоненттерді көрші трансформаторға қайта қосу жүргізілді. Барлық 9 ауылда электр қуаты берілді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz