Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында 322 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қарағанды облысынның автожолдарының 20 бағыты бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.  Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдар, медициналық ұйымдардың қызметкерлері және техникалық құралдар жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде 322 адам, оның ішінде 12 бала  құтқарылған. Сондай-ақ, 69 адам эвакуацияланды.

«Теміртау-Қарағанды» тас жолында қар құрсауында қалған автокөліктерден 136 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Жол бойындағы кафелерде жылыту және тамақтану пункттері ұйымдастырылды.

«Қарағанды қаласы«Сарыарқа» әуежайы» бағытында ТЖД күшімен қар құрсауында қалған автокөліктерден 72 адам құтқарылды. Жолдың тазартылған бөлігіне 23 жеңіл және 2 жүк көлігі шығарылды.

Құтқарушылар Теміртау қаласы маңында қар құрсауында қалған “Нұрқазған” кенішінің 3 автобусынан және жедел жәрдем көлігінен 44 адамды эвакуациялады.

Бұқар жырау ауданында «Доскей-Тоғызқұдық-Ботақара» тас жолында қар құрсауынан 9 жеңіл автокөлік шығарылды, онда 18 адам болған.

«Шахтинск–Шахан» автожолында қар құрсауында қалған автокөліктерден 25 адам құтқарылды, жолдың тазартылған учаскесіне 18 автокөлік шығарылды.

Ақтоғай ауданында «АқтоғайБалқаш» жолында қар құрсауынан 10 адам және 2 автокөлік құтқарылды.

Сонымен қатар, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медициналық мекемелерге тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылынан Балқаш қалалық ауруханасына жүкті әйелді жеткізді. Сондай-ақ, түнде Ақтау кентінен Теміртау қаласының ауруханасына жүкті әйел жеткізілді.

Нұра ауданының Көбетей ауылынан орталық аудандық ауруханаға жол қозғалысының тежелуіне байланысты құтқарушылар жүкті әйелді жеткізді.

Қарағанды қаласында «Наука» саяжай қоғамынан «Трекол» жол талғамайтын көлік көмегімен 1983 ж.т. ер адам жедел медициналық жәрдем көлігіне жеткізілді.

29 қаңтарда сағат 04:20-да шамасында Бұқар жырау ауданы Самарқанд ауылынан келген жүкті әйелге құтқарушылар Теміртау қаласынан жедел жәрдем бригадасын жеткізді.

Қарағанды қаласы «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданында жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан шығарылды.

Сонымен қатар, қар құрсауында қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларға жылыту бекеттерінде тамақ беріліп және азық-түлік таратылды, жанармай құюға көмек көрсетілді.

Республикалық маңызы бар тас жолдар әлі де жабық :

Сәтбаев қ.-Қостанай облысының шекарасы;

Теміртау қ.-Ақмола облысының шекарасы;

Қарағанды қ.-Ақсу-Аюлы ауылы;

Қарағанды қ.-Павлодар облысының шекарасы;

Теміртау қ.-Ақмола облысының шекарасы;

Ботақара к.-Павлодар облысының шекарасы;

Ботақара к.-Қарқаралы қаласы;

Ботақара қ.-Павлодар облысының шекарасы. 

Ауа райының өзгеруі және автожолдардың жағдайы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы немесе ТЖД ресми сайтынан біле алады. Немесе 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37 телефон нөмірі арқылы хабар алуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button