АймақҚарағанды

Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иемденген қылмыстық топ ұсталды

Мамыр айында Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «қара риелторлар» деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген.

Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып табылады.

– 13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: облыстық ПД

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button