Қарағанды облыстық мәслихатының ХХХІХ сессиясы төрағасының шешімі

Қарағанды облыстық мәслихатының

ХХХІХ сессиясы төрағасының

ШЕШІМІ

Қарағанды қаласы

№30 30 мамыр, 2020 жыл

Облыстық мәслихаттың кезекті ХХXІХ сессиясын шақыру туралы

Облыстық мәслихаттың кезекті XXXIX сессиясы 2020 жылғы 11 маусымда, сағат 10.00-ге (Әлиханов көшесі, 13, конференц-зал) шақырылсын.

С.БРАМОНТОВА,

сессия төрағасы.

ХАБАРЛАМА

Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 маусымдағы кезекті ХХХІХ сессиясының қарауына мына мәселелер шығарылады:

1) 2016-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысының даму бағдарламасының 2019 жылы іске асырылуы туралы есеп.

2) 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

3) Қарағанды облысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

4) Басқа да мәселелер.

С. ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.