Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында кардиология бөлімшесі ашылды
Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының терапия орталығында 30 төсектік кардиология бөлімшесі ашылды. Мұнда айына 60-тан астам пациент емделе алады.
Бөлімшеде созылмалы ишемиялық ауру, ырғағы бұзылған жүре пайда болған жүрек ақаулары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі асқынған және тағы басқа да сол сияқты ауруларды емдеу жүргізіледі.
Холтер ЭКГ зерттеуі, қан қысымының тәуліктік мониторингі, трансторакальды эхокардиография жүргізіледі.
Бөлімшеде алғашқы науқастар ем ала бастады. Ауруханаға жатқызу шұғыл және жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу бюросы арқылы өтеді.
– Жоспарлы емдеуге жатқызу емдеуге жатқызу бюросының Порталы бойынша жүзеге асырылады. Пациенттің консервативті емдеу курсын алғысы келетін клиникасын еркін таңдауы ескеріледі. Бөлімше Қарағанды, Қарағанды облысының және басқа өңірлердің тұрғындары үшін ашық. ТМККК және МӘМС аясында емдеу тегін, – деді кардиология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты кардиолог Назира Базарова.
Кез-келген сұрақтарды, бөлімше қызметтері мен дәрігерлер туралы толық ақпаратты аурухананың Instagram-дағы әлеуметтік парақшасынан біле аласыз: @okb_krg.
Кардиологиялық бөлімшенің мекенжайы: Ерубаев көшесі, 41/43.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.