Бас тақырып

Қарағанды медицина университеті қайта құрылды

Үкімет қаулысымен «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ қайта құрылды. Қарағанды медициналық университеті мен еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы – мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын дербес ұйымдар, деп хабарлады жоғарғы оқу орынының баспасөзқызметі.

Сурет: qmu.edu.kz сайтынан

– Университет жұмысын әдеттегідей жалғастыруда. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі ресми атауы өзгеріссіз қалады. Сөз тәртібі тек орыс тілінде өзгереді. Осы сәттен бастап дұрыс атауы – Қарағанды медициналық университеті («ҚМУ» КЕАҚ), – делінген хабарламада.

Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 2018 жылы экономикалық қажеттіліктен іске қосылған. Университет орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін өз қаражатын инвестициялады. Осы уақыт аралығында институт құрамында кәсіби денсаулық клиникасы мен ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертхана жұмыс істеп келеді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button