Қарағанды көшелерін қардан тазартуға 150-ден астам техника шықты
Қарлы ауа райы басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері де қарқынды жұмыс істеуге мәжбүр.
Мәселен, Қазыбек би ауданында мердігерлер күндізгі ауысымда 105 мамандандырылған техника мен 110-120 жұмыскерді, ал түнгі ауысымда 30-35 бірлік техника мен 40-45 жұмысшыны жұмысқа жұмылдырған. Жұмыс екі ауысымда жүргізіледі: бірінші ауысым 08:00-ден 18:00-ге дейін, екінші ауысым 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейін. Техникалар мен жұмыскерлердің саны мен уақыты ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ әкімдік қыста арнайы техниканың негізгі бөлігі түнгі ауысымда істейтінін, бірақ бәрі жауын-шашынға байланысты болатынын нақтылап отыр.
Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда әкімдіктің мәліметінше жұмысқа 50-ден астам арнайы техника мен 45 жұмысшы жұмылдырылған. Түнде жолға 300 тоннадан астам құм-тұз қоспасы себілген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Видео: Қарағанды қаласының әкімдігі