АймақҚарағанды

Қарағанды өңірінде өрт өршіп тұр

Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіру 33,9 га аумақта «Ақтоғай орман қорғау» КММ 4 орамындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы жану алаңы 150 га құрайды, оның 120-130 га сөндірілді. 20-30 гектар аумақтағы өртті сөндіру әлі де жалғасуда.

 

Өртті сөндіру қураған ағаштардың болуымен, күрделі таулы жермен, ошақтардың бөлшектенуімен, су көздерінің алыстығымен, өрт орнына кіру жолдардың болмауы және құбылмалы желмен қиындаған.

Қиындықтарға қарамастан, өрттің жиектері сөндірілді, ашық жану жоқ, шағын аумақтарда бықсу орын алуда. Тартылған күштер жартастар арасындағы қалың қураған жерлерді сөндіруде.

Өртті сөндіру жұмыстарына «ҚазАвиақұтқару» АҚ су төгетін құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылып, көлемі 72 тонна суды 24 рет төкті. Өртті сөндіруге ТЖД, Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасы, Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың барлығы 139 адам мен 20 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Сонымен қатар өткен тәулікте Қарағанды облысының ТЖД мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 3 дала өрті жойылды.
Осакаров ауданына қарасты Озерное ауылдық округінде Озерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде 10 га аумақта құрғақ шөп өртенді.

Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде 5 га аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды.

Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылдық округінде Ботақара ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде 5 га аумақта құрғақ шөп өртенді.

– Өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптер мен қоқыстарды ашық жерде, ғимараттардың жанында жағуға, қалың тоғайларда, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыздар. Отпен абай болыңыздар! – деп ескертеді облыстық ТЖД. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button