Жаңалықтар

«Қарағанды-Балқаш» тас жолы: жол апаты тиылмай тұр

Кеше кешкісін «Қарағанды-Балқаш» тас жолында жантүршігерлік апат орын алып, салдарынан үш адам қаза тапты.

жол апаты

Аталған оқиға Шет ауданының аумағында орын алған. Lexus LX470 автокөлігін тізгіндеген 47 жастағы жүргізуші жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан. Кенет көлік бірнеше мәрте аударылып,  жол жиегінен ұшып кеткен.

Апаттың салдарынан көлік ішіндегі 46 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, көлік жүргізушісі мен 35 жастағы екінші жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Одан бөлек, екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін «Қарағанды-Балқаш» тас жолында апаттың болғанын жазған едік.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button