Аймақ

«Қарағанды-Балқаш» тас жолы тағы екі адамның өмірін жалмады

Жол көлік апаты бүгін сағат 9.20 шамасында Ақшатау кентінің маңында орын алды. «Lexus RX300» және «Нива» маркалы көліктер қарама қарсы бағытта соқтығысқан.

Сурет: бейнеден алынды

– Апат салдарынан «Нива» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. «Lexus RX300» автокөлігінің жүргізушісі және оның төрт жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді,-деп хабарлады өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамыз күні «Қарағанды-Балқаш» тас жолында, Ақсу-Аюлыдан 50 шақырым жерде Chevrolet Cobalt пен Volkswagen Passat автокөлігі соқтығысып, салдарынан 3 адам көз жұмған болатын.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button