Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: «Қарағанды – Балқаш» автожолы 2020 жылы ашылады

Биылғы жылы «Қарағанды-Балқаш» жолында 4 жолақ бойынша қозғалысты іске қосу жоспарлануда. «Балқаш-Бурылбайтал» жолын қайта жаңарту жалғастырылады. Ол да төрт жолақты болады. Қарағанды облысындағы жол жұмыстарының жоспары туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Жеңіс Қасымбек айтып берді.

Коллажды жасаған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Өткен жылы өңірде республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда 1300 шақырым жол төсемі ретке келтірілді. Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарының көлемі артты.
– Биыл 1500 шақырым автожол жөнделеді. Өткен жылы «Теміртау-Қарағанды», «Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары» автобандары бойынша жол толығымен қолданысқа берілді. Осы жылдың шілде айына дейін бұл екі жол толығымен абаттандырылады: жарықпен, қоршаумен, белгілеумен және белгілермен қамтамасыз етіледі. Біз үшін ұзындығы 720 шақырым «Жезқазған-Қызылорда» автожолының құрылысы маңызды болып табылады. – деп атап өтті Жеңіс қасымбек. -Мамыр айында ЖСҚ аяқталады. «Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа бесжылдығы аясында биыл жол құрылысына кірісу жоспарланып отыр. Ол 2025 жылы аяқталуы тиіс.
Бұдан басқа, «Қарағанды-Жезқазған» жолын жобалау басталады. Сондай-ақ «Қарағанды-Павлодар» және «Қарағанды-Қарқаралы» республикалық жолдарын қайта жаңарту жоспарлануда.
Жол инфрақұрылымын жақсартудан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру халықты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Барлық жобаларға үш мыңнан астам жергілікті тұрғындар тартылады.

Басқа материалдар

Back to top button