Қарағанды қаласына келетін шетелдіктерден қанша туристік жарна алынады?

Қарағанды қалалық мәслихаты қалаға келетін шетелдіктерден алынатын туристік жарна мөлшерін бекітуді ұсынды.

– Қарағанды қаласында шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында (хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда) болған әрбір тәулік үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1 725 теңге) мөлшерінде бекітілсін. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қарағанды қалалық мәслихатының шешім-жобасында.

Құжат 4 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін маслихат төрағасы қол қойған соң 10 күн өтіп барып, заңды күшіне енеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.