Қазыбек би ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Дархан Малдыбаев тағайындалды. Дархан Дүйсебайұлы әкім орынбасары қызметінде әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Дархан Малдыбаевтың екі жоғары білімі бар. Біліктілігі бойынша «Политолог», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының иесі.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінде бас маман болып бастаған. 2010 жылы осы бөлімге жетекшілік еткен.
2014 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімін басқарған.