АймақҚарағанды

Қарағандыда қоғамдық тәртіпті бақылауға арналған робот-ит сынақтан өтуде

Қарағандыда қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және патрульдік қызметке жәрдемдесуге арналған робот-ит пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.

Сурет облыстық полиция департаментінен

Заманауи құрылғы бейнебақылау және бейнеталдау жүйелерімен жабдықталған. Ол тұлғаларды тану, іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтау мақсатында дерекқорлар бойынша тексеру жүргізе алады. Сонымен қатар робот автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тіркеп, алынған ақпаратты операторларға жедел түрде жолдайды.

Құрылғы тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істеуге бейімделген: жарық шамдарымен, сигналдық құрылғылармен және дауыс зорайтқышпен жабдықталған. Сондай-ақ ол патрульдеу аймағында әртүрлі жылдамдық режимдерінде қозғала алады.

Сынақ жұмыстары Қарағанды қаласының Орталық саябағында өткізілді. Робот-ит қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Тестілеу қорытындысы бойынша технологияның тиімділігі мен оны одан әрі қолдану мүмкіндігі бағаланатын болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button