Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің ҮНДЕУІ

Құрметті Қарағанды қала­сының кәсіпорындары, ұйым­дары мен мекемелері басшылары!

Біз жыл сайын дәстүрлі түрде 1 қазанда атап өтетін Қарттардың халықаралық күні ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығын паш етеді. Бұл күні біз жауынгерлік және еңбектегі ерлігімен жаңа тәуелсіз мемлекетімізді құрып, барша әлемге өзі туралы жар салып, міне, ширек ғасыр бойы өмірдің бар саласында зор табыстарға жеткен елдің азаматтарын құрметтейтін боламыз. Жастары егде тартып қалса да ардагерлеріміз болашақ ұрпақты әкелер мен бабалар дәстүріне сай тәрбиелеп, елін сүйген азаматтар өсіруге өздерінің мол үлестерін қосуда.

Елімізде қарт адамдардың мұң­-мұқтаждарына назар ауда­рылып келді және бұл жұмыс жалғасын таба береді. Соңғы жылдары ардагерлер ұйымдарының бастамасымен елде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың айлығы, Жеңіс күнін, Қарттар күнін атап өту сияқты ізгілікті шаралар ұйымдастырылуда.

Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесі қаланың меншік иесіне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер басшыларын, атқарушы билік органдарын, кәсіпкерлерді бастауыш ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғызілікті аза­мат­тарға бүкілхалықтық мерекелік шара­лар аясында қолдан келгенше материалдық көмек көрсетіп, моральдық қолдау шараларын өткізуге шақырады.

Келе жатқан мерекелеріңіз құт­ты болсын, қадірменді қариялар!

Т.ЗЕЙНЕШЕВ,

Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қызметкері.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.