Руханият

Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мерекелік концертке шақырады

Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі 7 наурыз күні сағат 18:00-де «Аруға әсемдік жарасады!» мерекелік концертіне шақырады. Кеш «Шалқыма» концерт залында өтеді.

Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Ыдырысов пен Полатхан Тәшімов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, республикалық конкурстардың лауреаттары Медет Осатаев, Гүлмира Тапай өнер көрсетеді.

Тәттімбеттің «Сылқылдақ», Дина Нұрпейісованың «8 наурыз», Сүгірдің «Аққу», Құрманғазының «Сарыарқа», Ықыластың «Аққу», Дәулеткерейдің «Қосалқа», Рольф Ловландтың «Жұмбақ бақ», Арам Хачатурянның «Гаяне» балетінен «Қыздар биі», Андркй Петровтың «Петербург құпиялары» фильмінен вальс, сондай-ақ «Шолпан қыз», «Жас келін» және тағы басқа да халық әндері орындалады.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей. Ал, дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Билеттер «Шалқыма» концерт залының кассасында  және ticketon.kz сайтында сатылады.  Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button