Қарағандыға жұмыс сапарымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Теміртаудағы Қарағанды индустриалды университетінде болып, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге ЖОО түлектерін құттықтап, дипломдар табыстады.

Биыл ҚИУ сұранысқа ие мамандықтар бойынша 300-ге жуық маман шығарады. Олар жергілікті кәсіпорындарда жұмыс таба алады.
– Бүгін біз Saran индустриялық аймағын дамытып жатырмыз және қарапайым жұмысшылар, инженерлер жетіспеуіне қатысты проблемаға тап болдық. Техникалық білімі бар 1000-нан астам адам қажет. Бұл университет осындай мамандарды дайындайды. Сіздер біздің облыстың дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар деп үміттенемін. Баршаңызды құттықтаймын және ақ жол тілеймін! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Саясат Нұрбек түлектерге жасанды интеллект дәуірі басталған кезде жаңа заманда өз орнын табуды тіледі. Министр екі кеңес берді: ағылшын тілін жетік білу және оқуды тоқтатпау.
Саясат Нұрбек пен Ермағанбет Бөлекпаев университет ғалымдарының жетістіктері көрмесімен танысты. Мұнда ғылыми және білім беру инновациялары енгізілді. Сондай-ақ, гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтылды.
Министр бүгінде аймақтық университеттерге баса назар аударылатынын атап өтті.
– Биылдан бастап өңірлік университеттер үшін ауыл шаруашылығы үшін техникалық мамандар мен кадрлар даярлауға жеке квота бөлінеді. Біз “Академиялық шеберлік орталығы” бағдарламасын іске қостық. Жабдықтарды, зертханаларды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу, мықты мамандарды, соның ішінде шетелден тарту үшін қосымша қаржы алатын 15 өңірлік университет таңдалды, – деді Саясат Нұрбек. – Қарағанды облысының университеттерінде тарихи тұрғыдан қарағанда база өте мықты, олар өндіріспен, техникалық және ғылыми әзірлемелермен тығыз байланыста. Өңірлік жоғары оқу орындарына екінші дем беру керек.
Министр сонымен қатар ғылымды қаржыландырудың ұлғаюы туралы хабарлады. Оның айтуынша, биылдан бастап жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант беріледі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz