Бас тақырып

Қарқын алған Қарағанды спорты

Қарағанды спорты қашанда – тұғырында. Өңірімізден жылда әлем чемпиондары жарқ етіп, облыс абыройын биік ететіні бар. Тәубе! Биылғы жылы да саңлақтарымыз топ жарып, толағай табыстарға ие болды. Командалық жарыстарда да жарқ етіп, облыс қоржынына олжа салған-ды. Осы орайда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жүйелі жұмыстар атқарып, спортшыларға қашанда қолдауларын танытуда. Биылғы жылдың өзінде спортшыларымыз түрлі додалардан жүлделі оралды. Айтары сол, спорттың жыл жаңалығын назарларыңызға ұсынбақпыз…

1

GGG үшін де жетістікке толы жыл

Елді әлемге танытқан жарық жұлдыздардың бірі – Геннадий Головкин. Оның біздің өңірден қанат қағуы қашанда қарағандылықтар үшін зор қуаныш. Сол спортшымыз биылғы жылы екі кездесу өткізіп, байрақты биікте желбіретті. Естеріңізге салсақ, АҚШ-тың НьюЙорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында канадалық.

«Сарыарқа» – чемпион

Биылғы жыл – «Сарыарқалықтар» үшін де олжалы. «Сарыарқа» хоккей клубы жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде қарағандылық команда Ресейдің Түмен қаласынан келген «Рубин» командасынан 4-1 есебімен басым түсті.

Шешуші ойында «Сарыарқа» сапында өнер көрсеткен Артур Сарваров, Эмиль Нұрғалиев, Олег Ломако және Максим Кицындер шайба соғып, жеңіс сыйлаған болатын.  

Жоғары хоккей лигасының осы маусымында Ресей, Қазақстан және Қытайдан жиналған 29 клуб өнер көрсетті. Қарағандылық хоккей клубы осымен екінші мәрте ЖХЛ чемпионы атанды.

Жылдың үздік спортшысы – Айдос

Жақында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында Айдос Ғалымов алтыннан алқа тақты. Жазиралы Жаңаарқа елі чемпионды аса құрметпен қарсы алды. Бұған дейін де облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жас балуанға 2 жылға стипендия тағайындаған. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы да құрмет көрсеткен. Ал, Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Бекқожин 4 млн. теңгелік сертификат табыстады. Ауданның жас кәсіпкерлері де 1 млн. теңгелік сыйақы берген. Балуанның бұған дейінгі тағы бір жүлдесі – автокөлік. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған үлкен тойда 74 келі салмақта қарсыластарынан басым түскен Айдос той демеушілерінің бірі Малдыбай Сүлейменов тіккен көлікті тізгіндеді.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында көк тудың көкке желбірегені – жаныма қуат берді» дейді жас балуан.

Қасымхан ҒАЛЫМ

 

Басқа материалдар

Back to top button