Жаңалықтар

Қар тазалануда

   Ауа райының күрт бұзылып, екі күн бойы Қарағандыға толассыз жауған қар, жол күтіміне жауапты мекемелерді әбігерге салды.

«Благоустройство» ҚМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қараша күні Қазыбек би атындағы аудан аумағынан 1768 текше метр, Октябрь ауданына қарасты көшелерден 850 текше метр қар тазаланған. Жалпы, бұл жұмыстарға 116 техника мен 88 жұмысшы жұмылдырылған. Ал, 19 қараша күні екі ауданның көшесі 4042 текше метр қардан тазаланған. Қалың қар жауған күндері жолды тиісті деңгейде тазалап, төтенше жағдайларға жол бермеу үшін арнайы 120 техника жұмысқа шығарылған. Мамандар коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button