Ресми

Қарқаралыдағы өрт: облыстық бюджеттен техникаға ақша бөлінген

Қарқаралы ауданында 40 мың гектар жер өртеніп, бір адамның қаза тапқаны жанымызға әлі де батады. Әкім сағатында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа осы жағдайға байланысты сұрақ қойылды. Аймақ басшысы өз сөзінде тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын және орманшылардың қаншалықты техникамен жабдықталғанын айтып өтті.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

– Өкінішке қарай, өрт кезінде Хали Хайрат деген азаматымыз қайтыс болы. Бүгін ғана Президентіміздің Жарлығымен берілген «Ерлігі үшін» медалін ата-анасына табыстадым. Отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Ерлігі мәңгі жадымызда.

Ал, өрттің қайдан және қалай шыққаны әліде тексерілуде. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өзім сол өртенген жерге барып, көріп қайтқанмын. Өрт өте үлкен көлемде болды. Әрі жел де қатты соғып тұрды. Оқиға орнына көптеген техникаларды алдыртып, жұмыс істеген болатынбыз. Жалпы, облыстық бюджеттен техника алуға қажетті қаражат бөлінген. Ал, әрі қарай экология министрлігі жұмыс істеп жатыр, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы өз сөзінде үш бірдей өрт сөндіру станциясы салынғандығына да тоқталды.

– Біз әлі бұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта Қарқаралы ауданында саламыз деген жоспар бар. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бастысы – техника алып жатырмыз. Менің тапсырмаммен әр ауданның бюджетіне қажетті техникаларды алу үшін бюджеттің 1 пайызын аударып отырмыз. Әр аудан жыл сайын қажетті техникасын немесе басқа да қажетті құрылғыларын алып отыруы керек. Қазір осы бастамаммен қала және аудан әкімдері жұмысын бастап кетті – деді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button