АймақҚарқаралы

Қарқаралыдағы ұлттық саябақ тазартылды

Қарқаралылықтар да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан қалыс қалмады. Ұлттық саябақтың қызметкерлері еріктілер мен аудан тұрғындарымен бірлесіп, саябақты қоқыстан тазартты. Олар 20 мың шаршы метрден астам аумақтан қоқыс қалдықтарын шығарды. Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасының аумағына да тазалық жұмыстарын жүргізіп, 5 мың шаршы метрді қоқыстан тазартты.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Аталған акция басталғалы бері ауданда барлығы екі мыңға жуық адам тазалыққа ат салысқан. Одан бөлек, 40-қа жуық техника жұмылдырылып, қоқыс полигонына 800 тонна қалдық шығарылған. Сонымен қатар, ескерткіштер мен мемориалдардың маңы да абаттандырылды.

Бүгінгі сенбілікке денсаулық саласының ардагері Серік Жекеев те арнайы шыққан.

– Біз әрдайым экологиялық акцияларды қолдаймыз. Жасым сексеннен асса да, осындай сенбіліктерге қатысамын. Ұрпақтарымызға таза және көркем табиғат қалдыру – біздің үлкен міндетіміз. Жеріміз құнарлы болып, еліміз өркендесін!, – деп бөлісті ардагер.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін жергілікті полиция қызметкерлері тазартылмаған аумақтар үшін бес әкімшілік хаттама толтырған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Қарқаралы ауданы.
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button