Қарқаралы ауданының Мәдениет үйіне Шолпан Жандарбекованың есімі берілді
Қарқаралы ауданының Мәдениет үйіне белгілі қазақ актрисасы Шолпан Жандарбекованың есімі берілді. Биыл актриса Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толды.

– Белгілі қазақ актрисасы Шолпан Жандарбекованың есімін беру туралы шешім Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Енді Мәдениет үйі еңбек сіңірген актрисаның есімімен аталады, – дейді Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Баршын Жұмаханова. – Мәдениет үйінің сахнасында біздің атақты жерлесіміздің ізімен жүретін және оның жолын жалғастыратын жаңа жұлдыздар жанатынына сенімдімін.
Шолпан Жандарбекова 1922 жылы 1 қаңтарда Қарқаралы ауданы Милыбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы театр-көркемсурет училищесін бітірген. 1941 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актрисасы.
Өмірінің соңына дейін өнер ғибадатханасында жұмыс істеп, онда 200-ден астам рөл ойнады.
Сондай-ақ кино саласында, Ш.Айманов студиясында кинорежиссер болып жұмыс істеді, педагогикалық қызметпен айналысты. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актер шеберлігінен сабақ берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.