Аймақ

Қарқаралы ауданында 54 шаруа қожалығы 197 496 га жерді игермей отыр

2022 жылы аталған аудан бойынша 33 шаруа қожалығы 37 187 га жерді мемлекеттік қорға қайтарған болатын. Биыл да осы жұмыстар жалғасын тапты. Аудан әкімі Ерлан Құсайын осы мәселеге қатысты жиын өткізді. Оған аудан прокуроры Эльдар Тұрсынов қатысты.

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Түсіпов осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

– 2022 жылы 33 шаруа қожалығы 37 187 га жерді мемлекеттік қорға қайтарды. Осы жұмыстар биыл да жалғасып, жерін игермей отырған 54 шаруа қожалығының құжаттары дайындалып, облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Аталған шаруашылықтар барлығы 197 496 га жерді игермей отыр, – дейді Қайырбек Түсіпов.

 

Жиынға бейнеконференция арқылы қатысқан облыстың жер ресурстарын басқару департаментінің жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің бас маманы, мемлекеттік инспектор Серік Қаппаров ғарыштық аппаратпен тексеріліп-талданған деректерімен бөлісті. Жер инспекциясы тарапынан 2022 жылы ғарыштық аппаратпен тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, жерін игермей отырған 23 шаруа нысаны анықталып, оларға тиісті нұсқама жолданған.

Шаруа қожалықтары бір жылда талаптарды орындамаса, инспекция сотқа жүгініп, әкімшілік жаза қарастырылады. Аудан әкімі аталған аталмыш мәселе бойынша жұмысты жандандыруды құзырлы бөлімдермен қатар, ауыл әкімдеріне де тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button