Коронавирус

Қанат Асқаров: “Инфекцияны облыс аумағына таратпау үшін қажетті шаралар қабылданды”

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров аймақта коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданғанын айтты.

Қарағанды қаласына «Минск-Нұр-Сұлтан» борты келген сәттен бастап Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аймақтық басқармасы тарапынан эпидемияның алдын алуға қажетті шаралар жүргізілді. Ұшақтағы 67 жолаушының барлығы дер кезінде тексеріліп, карантинге жатқызылды. Оқшаулау кезінде олардан сынама алынып, бүгін екі адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Коронавирус инфекциясын облыс аумағына таратпау үшін қажетті шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдарға және жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа ірі сауда орындары және өндірістік емес нысандардың жұмысы тоқтатылды. Тұрғындар жеке гигиенаны қатаң сақтап, адам көп шоғырланатын жерлерден бас тартып, қоғамдық орындарға бармауға тырысу қажет. Қарағанды облысына кіретін 6 жолдың бойына бекеттар орналастырды. Бүгінге дейін 2 мыңнан астам көлік тоқтатылып, тексерілді. Барлығы бақылауда. Әзірге Қарағанды облысында қосымша төтенше жағдай жариялаудың қажеттілігі жоқ, – дейді Қанат Асқаров.

Басқа материалдар

Back to top button