Жаңалықтар
Аналық ақ көңілімен
Алыс шалғайдағы Приозерск гарнизонына жұмыс сапарымен сарбаз аналарының «Аналар жүрегі» комитетінің Қарағанды облысы бойынша өкілі Зағира Әубәкірова келді.
Басты мақсаты – Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшілердің күнделікті әскери қызметтегі тыныс тіршілігімен көзбен көріп танысу.
Алдымен, жақында ғана күзгі әскерге шақырумен 06708 әскери бөлімдегі Қарағанды облысынан келген жас сарбаздарымен кездесті. Олардың орналасқан сарбаздар үй-жайын аралап көріп, тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Сонымен қатар, 44841 және 18405 әскери бөлімдеріндегі сарбаздарымен де жүздесіп, олардың өз отбасыларына аман-есен оралуларын тіледі.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.