АМТ «Қазақстан халқына» 16 миллиард теңге аударатын болды
«АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқы» қайырымдылық қорына 16 млрд. теңге аударатын болды. Аударылатын соманың 50%-ы Теміртау қаласы мен Қарағанды облысының тұрғындарының игілігіне жұмсалмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісімге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен құралған келіссөздер тобы ArcelorMittal компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңге көлемінде жарна жасауға көндірген.
– ArcelorMittal компаниясынан қорға түсетін қаражат Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және денсаулық сақтау, білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Сондай-ақ бұл соманың 50%-ы Теміртау қаласына жұмсалады, қалғаны Қарағанды облысына жұмсалады, – деді министр.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.