Бас тақырып

Амал келді, Жыл келді!

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. «Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн.

Сурет iapn.kz

Бұл күні жас болса, үлкенге сәлем беріп, ақ батасын алады. Құшағын айқара ашқан ақеділ ағайын бір-біріне ақжарма тілегін арнап «Жаңа жас құтты болсын!», «Бір жасың мың болғай!», «Ғұмырың ұзақ болсын!» деп үр жаңа жылдың басын сүйіншілейді. 

Тарихшылар мәліметіне сүйенсек, 1918 жылдың 24 қаңтарында Халком кеңесі Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізеді. Бірақ, екі күнтізбе айырмашылығы 13 күн болып қалған. Соған байланысты 1918 жылдың 31 қаңтарында ескі күнтізбені аяқтап, 14 ақпанда келесі айды бастаған. Осы деректі басшылыққа алса 1 наурыз -14 наурызға тап келеді. Ол – жыл басы, күнтізбедегі көктемнің алғашқы күні саналған.

Олай болса, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен, қадірменді Оқырман!

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button