Жаңалықтар

«Алтын сапа» үздіктерді анықтайды

        «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес, конкурс жыл сайын өткiзіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ, өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.
Конкурс бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button