Жаңалықтар

«Алтын сапа» – сапа эталоны

    Биыл байқауға қатысу үшін кәсіпорындарды ынталандыру шарасы ретінде «Алтын сапа» сыйлығының әр лауреатына 1 млн. теңге сыйақы беріледі. Аталмыш сыйақы халықаралық байқауға қатысуға себепші болады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Қарағанды облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры  Ернар КҮЛПЕИСОВ мәлімдеді. 
– Республика Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу белгіленді. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету,– деді Ернар Күлпеисов.
Спикердің айтуынша, биылғы жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді екен. «Алтын сапа» сыйлығы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт аталым бойынша табысталады. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» және «Азық-түлік тауарлары немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын». Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілген. Биыл «Алтын сапа байқауы 4 кезеңнен тұрады. Байқаудың жаңа кезеңiнде бiлiктi сарапшылар кәсiпорынды тексеру қарастырылған. Атап айтқанда, сарапашылар финалға жолдама алған кәсiпорындарды барып тексередi. Көрме-байқауының өңiрлiк кеңестерiнде қаржыландыру көзi облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкiмдiктерiне бекiтiлдi. Жеңiмпаздарды дәрежесiне қарай бөлу алынып тасталды, себебi жеңiмпаз болған тауарлар түрлi тауар тобына жатады, олардың тұтынушылық құрамы екi жағдайда да жоғары деңгейде. Үш аталымда теңдей үш жеңiмпаз анықталады. Сонымен қатар байқаудың қосымша кезеңi – қоғамдық онлайн дауыс беру енгiзiледi. Байқаулар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады.
Баспасөз мәслихатында «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымының 2017 жылғы лауреаты Қарағанды облысындағы «Дефектоскопия» ҒӨБ» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Қайрат Шамшиевте болып, мекемелерді байқауға қатысуға шақырды.
Айта кетейік, «Алтын сапа» байқауы ұйымдастырылған кезеңде республика бойынша 1900 кәсiпорын қатысып, оның iшiнде 100 кәсiпорын Мемлекет басшысының сыйлығын иелендi.
Ал, «Қазақстанның үздiк тауары» көрме-байқауына 6500-ден аса компания қатысып, оның iшiнде 133 кәсiпорын үздiк диплом иегерi атанды. Қарағанды облысынан өткен жылы 20 үміткер мекеме бағын сынады. «Алтын сапа» сыйлығының барлық лауреаттары мен «Қазақстанның үздiк тауары» көрме-байқауының дипломанттары 4 жыл бойы байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалана алады.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button