Бас тақырыпРуханият

Аймақ басшысы «Алтын домбыра» иегеріне 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті

Күні кеше Астана қаласында «АMANAT» партиясының қолдауымен 2 күн қатарынан өткен «Алтын домбыра» республикалық айтысының бас жүлдесін иеленген жерлесіміз Мақсат Аханов Қарағандыға жетті.


Қарағанды жұрты ел мерейін асқақтатқан ақынды қаланың кіреберісінде сән-салтанатпен күтіп алды.

Одан соң ақынды аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қабылдап, жарқын жеңісімен құттықтады.  Аламанда аты озған шайырға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. 

Мақсат ақынның шашбауын көтере келген Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев Арқа жұртына ыстық ықыласын жеткізді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Суретті түсірген: Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button