Аймақ

Ана мен балалар жарқын болашақ үшін

Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданында орналасқан №218 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысқан тұрғындардың қатарында көпбалалы ана Гүлсім Оңғарбекова да бар. Ол сайлауға бес баласымен бірге келді.

Cурет автордан

Бес баланың тәрбиесі мен жауапкершілігін көтерген Гүлсімнің үлкені – 17 жаста,кенжесі төртте. Ол ел өміріндегі маңызды науқаннан тысқры қалмады.Гүлсім Оңғарбекованың сайлауға қатысуы – қоғам өміріне селқос қарамайтын азаматтық ұстанымның айғағы. Ол балаларының болашағы жарқын, ел іргесі бүтін, халықтың тұрмысы жақсы болғанын қалайтынын жеткізді.

Нұрдос Кәрім
“Ortalyq Qazaqstan”

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button