Алтын арқау

    Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА айтылған арнаулардың қай-қайсынан болсын, ерекше бір ішкі үндестік аңғарылады. Ол – халықтың Ұлт Көшбасшысына деген шексіз махаббаты.

Мемлекет басшысының туған жұртымен, аяулы халқымен қауышуы – есте қаларлық, ұмытылмас сәттер. Жезқазған жеріндегі жылы жүздесулер сәтінде де, әр жылдары арнаулар айтылған. Сондай шуақты сәттердің бірінде белгілі ақын, термеші-жырау Шынболат Ділдебаев қолындағы үкілі домбырасын шабыттана құйқылжытып, арнау-жырын төккен екен. «…Қазақтың маңдайдағы бір ұлы едің, Қараңғы, қиыннан жол таба алатын. Артыңда қара ормандай халқың барда, Бел буып қайда болсын бара алатын – Арманың Абылайдай биік болса, Тарихты таңдандырып қалар атың».

Тұтастық пен бірлікке қызмет жасауды өмірлік мұрат, азаматтық парыз деп білген Нұрсұлтан Әбішұлы 1993 жылы Ұлытауға атбасын тірегенде ақын Светлана Жұмкина жыр-толғауымен қарсы алған еді. Сөзбен сурет салатын ақын қыз: «Қасиетін еліңнің, Әлемге қазақ таныттың. Белдескен білер бағасын, Күшін де танып алыптың. Тағдырын сеніп тапсырған, Хан ойлар қамын халықтың. Басыңызға бақ қонды, Ақ ниетті батасын, Алғысын елдің алып мың!», – дей келіп, ұшқан құстың қанаты талар Ұлы Даланың кіндігінен қоныс тепкен Ұлытаудың тамырлы тарихын сөзбен былайша өрнектейді: «Киелі біздің бұл өлке – Едіге батыр жатқан жер. Үш жүзің келіп жиылып, Абылай ақ ту таққан жер».

Жыр-толғаудан Тәуелсіздік арқылы жеткен өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана тудырған айшықты оралымдарды айқын аңғарамыз: «Ұлытау жердің киесі, Қазақтың Сізсіз иесі. Өзіңіздей Ханы бар, Ханы бар елдің бағы бар».

Ақындар жүрекжарды арнауларында елдің бірлігін, тірлігін, бейбіт күннің парқын паш етіп, ел менен ер мәртебесін жырлауды парыз тұтқан. Әділеттің ақ туының желбіреуі – Елбасының «елім» деген жүрегінің төрінде жатқанын ашық көрсетеді.

Гүлім ҚАЛДЫБАЕВА.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.