Қалпына келтіру қарқын алды
Жеңіс саябағындағы жарамсыз болып қалған тастөсеніштер қайта қалыпқа келтіріледі. Бұл туралы мәдениет, демалыс саябақтары мен саяжайлар басқармасы хабарлады.
«Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары Қарағандының Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Жеңіс саябағында бүлініп қалған тас-төсеніштердің суреттерін жариялаған болатын. Ол суреттерді авторлары жағымсыз жазбалармен толықтырып, қала басшылығын осы тәртіпсіздіктің орын алуы мен енжарлық танытты деп айып тағады», – деп жазылған ведомствоның таратқан баспасөз парақшасында.
Мамандар болса, сынды орынсыз деп санайды. Өйткені, тас-төсеніштерінің бұзылу себебін ауыр техниканың жұмысымен байланыстырып отыр. Өткен қыста саябақтағы субұрқақ пен тұрғын үйлердің арасындағы жердің астында орналасқан су құбыры жарылған. Мәселені жою үшін саябақта техника жұмыс атқарған. Соның салдарынан тас-төсеніштер бүлінген көрінеді.
Жөндеу жұмыстары кешегі күннен басталды. Қазіргі уақытта жұмыс қарқыны мен сапаны бақылауды күшейтіп отыр.
Өз тілшімізден.