Жаңалықтар

Алпауытқа айыппұл салынды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинатына экологияға зиян келтіргені үшін 600 млн. теңге айыппұл салынды. Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, қара түсті қардың жаууына бұл айыппұлдың еш­қандай қатысы жоқ. Эколог­тардан, метеорологтар мен прокурорлардан құралған жұмыс тобы қара түсті қардың жауу себебін қазіргі уақытта анықтауда.

Облыстық экология департаментінің айтуынша, айыппұл қоршаған ортаны лас­тағаны үшін салынған.

«Атмосфераға бөлінген зиянды шығарылымдардың артқаны белгілі болып отыр. Рұқсат етілген шығары­лым­дардың нормативтен ас­қаны және табиғат қорғау ша­ра­ларының жоспары орын­далмағаны анықталды. Бұзу­шы­лықтарды ретке келтіру бо­йынша  нұсқау берілді»,  –дейді департамент.

Айыппұлдың мөлшері – 105 миллион теңге.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button