Қалмұханбет Қасымов басқа қызметке тағайындалды
Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қалмұханбет Қасымовты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты.
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын, делінген Ақордада жарияланған мәлімдемеде.
Жаңа ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғұмбаев тағайындалған.
Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы Алматы облысы, Іле ауданының Бәйсерке ауылында дүниеге келген.
1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы -заңгер. Полиция генерал-лейтенанты.
1979-1988 – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988-1989 – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989-1992 – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992-1997 – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
07.1997-12.2003 – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
12.2003-06.2005- Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
06.2005-09.2009 – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
12.04.2011 бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.