Жаңалықтар

Алдыңнан жансын шырағың

Неге бүгін дүние түнеріп тұр,

Қара бұлтқа күн неге

тіреліп тұр.

Қара жамылып тұр мынау

көк аспанда

Кімді аза тұтып тұр,

кім өліп бұл?

 

Жердің шаңы будақтап                                                бұрқырайды,

Бас киімді дауылы

жұлқылайды

Сиыр біткен өкіріп азан-қазан,

Жылқы біткен кісінеп

шұрқырайды.

 

Неге бұлай боп кетті

бұл дүние

Естіп тұрып, сайсүйек

сырқырайды.

Табиғатта тұрған

болмай маза,

Ардақты ақын Дүйсенбай

бопты қаза.

 

Алтынның сынығындай

азаматты,

Табиғат та тұр екен тұтып аза.

Төгіліп тұрған төкпе ақын еді,

Тұнып тұрған тұлабойы

ақыл еді.

 

Тұралап келген екен

бұл сұм ажал

Дертінің табылмады-ау,

ақыр емі.

Жүйрік ең топтан озған

үзіп қара,

Ақын ең, дарыныңмен                                      шыққан дара.

 

Бақилық боп мінекей

кеттің бүгін

Тағдырдың жазуына

бар ма шара.

Әкетті ажал, елім,

Дүйсенбайыңды,

Салып басқа қайғы-қасірет,                        уайымды.

 

Алла жанын жәннатта

етсін мәңгілік

Азаматтың болсын арты

қайырлы.

Бірге ашып ек өлеңнің

әліппесін,

Қош бол енді, ардақты

әріптесім.

 

Мейрім-шапағатқа бөлеп                           Алла,

Қияметке тәңірің

дәріптесін.

Алдыңнан жансын шырағың,

Мінгізсін Алла пырағын.

 

Иманды болып, мәңгілік,

Жұмақта болсын

тұрағың. Әмин!

 

 

 Мағзұмбек

МАШАЙЫҚҰЛЫ. 

Ұлытау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button