Жаңалықтар

Алаш мұраты

   Сейсенбі күні облыс орталығындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында ҚР Тәуелсіздігі күніне және Алаш ұлттық-демократиялық парламенттік республикасының 100 жылдығына арналған «Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсы өтті.

Игі бастамаға облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Жас Отан» жастар қанаты және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы ұйытқы болды. Мұндағы мақсат – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын, ұлт мұраты идеясын жастар арасында насихаттау және өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін артыру, жас ғалымдарға қолдау көрсету еді.

Шараға қатысушылар қатарында облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қайырбек Кемеңгер, филология ғылымдарының докторы, Алаштанушы Сағымбай Жұмағұлов және «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Бейсенбекова болды. Ал, конференция тізгінін «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Жұмағұлов алды.

Конференция барысында ғалымдар мен зерттеушілер тұшымды ойларын ортаға салып, Алаш Орда тарихына, оған қатысты тұлғалар өмірбаянына, тоқталып тың мәліметтер берді.

Шара соңында жекелеген тұлғалар «Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл» естелік медалімен марапатталса, конференция-конкурсына қатысқан жастар диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Back to top button