Жаңалықтар

Алаш арыстарына арнады

    Қарағандыдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №1  жасөспірімдер филиалының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған шаралар өтті. Соның бірі  – «Алашорда арманының бүгінгі көрінісі – Тәуелсіз қазақ елі» тақырыбындағы «Не, қайда, қашан?!» атты интеллектуалды ойыны.

Аталмыш іс-шараға қаламыздағы №57 мектеп-лицейінен «Нұрлы жол» командасы мен №53 мектеп-лицейінің «Көкбөрі» командалары қатысты. Интеллектуалды ойында тәуелсіз Қазақстанның негізі болып табылатын алғашқы заманауи саяси Алаш партиясы мен «Алашорда» үкіметінің арыстарына тарихи  баға беру мақсаты көзделді. Жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулу болды. Сондай-ақ, тәуелсіз  Қазақстанның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясынан туындайтын қазақ тарихындағы қалдырған ізі зор қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерін жырлау, рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтау мақсаты қойылды.

Кітапхана қызметкерлері ХХ ғасыр басында Алаш қайраткерлерінің дербес қазақ мемлекетін құруға жанталасып, алмағайып кезеңде тәуелсіз ел болу идеясы жолында жан аямай күрескендері жайлы жас ұрпаққа баяндады. Өткен тарихымыздағы ұлы тұлғалар арқылы өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ұялата білу мақсатында сұрақтар қойды. Сонымен қатар, қос командаға сұрақты қаламыздың мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің Отан тарихы және археология, этнология кафедрасының оқытушылары жолдады. Сайысқа бейнесұрақтар берілді. Арыстардың бізге қалдырған аманатын жіті зерделеген «Көкбөрі» командасы жеңіске жетті. Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында өткізілген осындай іс-шаралардың маңызы қашанда жоғары.

   Алмагүл ИСКАКОВА,

 Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

№1 жасөспірімдер филиалының 1-санатты қызметкері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button