АймақТеміртау

Қаланы қоқыстан тазарту – қарқынды

Қыс айларында қала көшелеріндегі арықтар мен каналдар қоқысқа толады. Биыл да жыл сайынғы үрдіс бойынша мекеме жұмысшылары көктемгі тазалық жұмыстарын бастап кетті.Теміртаудың жол қызметтері жазғы жұмыс режиміне көшуде: көшелерді жинап, тазалау басталды.

Сурет: қала әкімдігінің сайтынан

– ТКШ бөлімінің мамандары тазалықты бақылау мақсатында магистральдық және орамішілік жолдарды күнделікті аралап, мониторинг жүргізуде. Қолайлы ауа-райының басталуымен және асфальтбетон зауыттарының іске қосылуымен көшелерді күтіп ұстау бойынша жасалған шарттар шеңберінде мердігер кәсіпорындар әрбір шарт бойынша шамамен 1000 шаршы метрді қалпына келтіретін болады. Қазіргі уақытта шұңқырларды жою бойынша уақытша шаралар қабылдануда, – деп хабарлацды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әділет ШОПЕН.
ТЕМІРТАУ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button