Руханият

Қаламгердің жазу машинкасы

Музейдегі жәдігерлер өлкенің тарихы, халықтың қазынасы. Оны сақтау, насихаттау музей қызметкерлерінің борышы. Осы орайда, музейге келіп түскен әрбір жәдігердің тарихын зерттеп, зерделеуге баса мән беріп келеміз. Сондай тарихи тұлға, қаламы қарымды журналист, КСРО баспасөзінің үздігі Сапарғали Ләмбековтен қалған тағылымды жәдігер – баспа машинкасы.

Қаламгер қолданған портативті жазу машинканы бізге ұрпақтары әкеліп тапсырған болатын. 1982 жылы заводтан шыққан. Темір қорабында «Москва» деген жазуы бар. Бағасы – 135 руб. Ені – 29,3, биіктігі – 30,5 см. Бұл машинканы жазушы 2006 жылға дейін пайдаланған.

Сапарғали Ләмбеков «Қарқаралы саздары», «Тайталас», «Тәттімбет», «Арыстар», «Алапай мен талапай» атты бірнеше поэма, прозалық және драмалық шығармалар мен көптеген өлеңдердің авторы.

«Өткен күн, кеше – тарих, Келер күн, ертең – сыр, Бүгінгі күн – сый» деген Қорқыт бабаның тәлімін ескере отырып, тарлан тарихқа ден қойғанымыз абзал. Осы орайда, музейдегі әрбір жәдігерді көздің қарашығындай сақтап, құндылықтарға құрметпен қарауға дағдыланғанымыз дұрыс.

Назым АБИШЕВА,

Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button