Жаңалықтар

Қалалық кезең – ойдағыдай

Қарағандыда ХІХ республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында №23 мектепте өтті.
Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 5-10 сынып оқушылары арасында өткен сайыста қала мектептерінен 113 оқушы қатысып, бақ сынады. Ережеге сай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» атты 4 аталым бойынша ұйымдастырылған байқауға қатысушылардың өнерін әділ қазылар бағалап отырды. Олардың құрамында қалалық білім бөлімінің әдіскері, осы шараның ұйымдастырушысы Гүлназ Жаркеева, ақын Қайрат Асқар, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бектұрсын Қалиев, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының домбыра мұғалімі М.Шаяхметов және Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкері А.Ахмадиева болды.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша бас жүлдені №61 орта мектептің 8 сынып оқушысы Нұргүл Сқақова, І орынды №92 мектеп оқушысы Нұрлан Байжұманов иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымы бойынша бас жүлдені №76 жалпы білім беретін орта мектептің 8 сынып оқушысы Тілеужан Қамысбаев, ал, І орынды №41 ЖББОМ-ның 8 сынып оқушысы Аятолла Наурызбай қанжығалады. «Көңілім әнді ұғады» аталымында бас жүлдені №86 ЖББОМ-ның 8 сынып оқушысы Ұлжан Зейнел, І орынды №10 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Айсұлу Елжақыпова алды. «Ұлылар әлемі» аталымында бас жүлдені №92 гимназияның оқушысы Жаннет Байханова, ал, І орынды №61 орта мектептің оқушысы Әділсамат Абитаева жеңіп алды.
Әр номинация бойынша бас жүлде алған оқушылар ХІХ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Аңсаған КАЗИЕВА,
№86 ЖББОМ-тің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button