Бас тақырып
Қала жолдарын жөндеу – қарқынды
Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2023 жылғы жол-құрылыс жұмыстарының қорытындысын жария етті. Ведомствоның мәліметінше 2023 жылы 100 шақырымға жуық қалалық жолдар жөнделіп, біршама ауқымды жобалар аяқталған.

Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 72 шақырым автомобиль жолдарының 52 учаскесінде жүргізіліп, Қазыбек би ауданы бойынша орташа жөндеумен 40,6 шақырым жол қамтылған. Сонымен қатар, Әлихан Бөкейхан ауданында 34,3 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. Сондай-ақ, келер жылы да жаңа жобалар аясында қала бойынша автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жандана бермек.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.