Қала орталығындағы шыны аялдама шағылды
Кеше Қарағандыдағы «ЦУМ» аялдамасынының шынысын сындырып кеткені жайында әлеуметтік желіде ақпарат тарап кетті. Қазыбек би аудан әкімдігі осы мәселе жөнінде Орталық полиция бөліміне хат жолдады.
Тергеу барысында бұл іске 20 жастағы қала тұрғынының қатысы бары анықталды. Ол ішімдік ішіп, мас күйінде аялдаманы сындырған. Қазіргі таңда материалдық шығын бойынша хаттама толтырылуда.
Айта кетейік, тұрғынға өз қаражаты есебінен әйнекті қалпына келтіруге мүмкіндік берілген. Ал, егер талапты орындамаған жағдайда айыппұл салынады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz