Приозерск

Қала әкімінің қолдауы

Жуырда Приозерск қаласында қала әкімінің гранттарын тапсыру рәсімі өтті.

 Қала әкімінің құрылған гранттары жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. Жобаларды іріктеу кезінде оның ықпалы, өзектілігі, экономикалық дамуы, бизнес-идеяның жаңашылдығы, бизнес-жобасының бәсекеге қабілеттілігі, қолданысқа енгізуінің әзірлігі басты шарттар болып табылады. Сондай-ақ, жобалардың жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болуы шарт.

Қазақстанның қазіргі жастары – еркін ойлай алатын әрі жауапты іс-әрекет жасай алатын, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тез де тиімді бейімделе алатын, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған тұлғалар.

Жалпы, «Қала әкімінің Приозерск қаласының жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау конкурсына» жастар арасынан 5 өтінім берілді.

Байқауға қатысушылар қатарында Жанали Шпекбаев, Валерия Николайчук, Феруза Жанисова, Глеб Куликовский және Евгения Вардугина бар.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 436 мың теңгелік грантқа Жанали Шпекбаевтың «Пройзводство пискоблоков» жобасы лайық деп танылды.

764 мың теңгелік грантты Валерия Николайчук «Приозерский сувенир» жобасы арқылы жеңіп алды. Ал, 1 миллион теңге көлеміндегі грантты Евгения Вардугина «Проект по переработке ПЭТ-бутылок» жобасы арқылы қанжығасына байлады.

Қала әкімінің гранттарын тапсыру рәсімінің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

 ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button