Спорт

Алғашқы ойында ұтылды

Теміртаулық «Шахтер-Булат» Бірінші лигада өнер көрсетеді. Премьер-Лига ойындарымен қатар, бұл лигада да жарыстың жалауы көтерілді. Алғашқы турда Шымкентке барған футболшыларымыз жергілікті «Қыраннан» оңбай ұтылды. 4:1.

«Қыран» сапындағы Абылайхан Махамбетов бірінші таймда «Шахтер-Булат» қақпасына екі мәрте гол салды. Алғашқысын 17-ші минутта соқса, тайм соңына таман (42-ші минут) және бір рет мергендігімен көзге түсті. 2:0.

60-шы минутта теміртаулықтар есеп айырмашылығын қысқартты. Константин Бернацкий пенальтиді дәл соқты. 2:1. Бұдан кейін де ойыншыларымыз таразы басын теңестіруге күш салды. Әйтсе де, нәтиже болмады.

Есесіне, шымкенттіктер басымдықтарын ұлғайтты. Негізгі уақыт аяқталар шақта (90-шы минут) Нұрсайын Жолдасов, қосымша уақытта Евгений Левин (90+2 минут) теңбіл допты торда тулатты. 4:1.

«Шахтер-Булаттың» келесі қарсыласы – талдықорғандық «Жетісу Б».

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button