Басты тақырыпЖаңалықтар

«Алғашқы қадам» – ел игілігі үшін

    Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті кадрлар әлеуетін, мемлекеттік қызметшілердің корпусын қалыптастыруға бағытталған «Алғашқы қадам» жобасы жасалды. Жобаның басты міндеті – жоғары оқу орындарының қабілетті, талантты, құзыретті түлектерін мемлекеттік қызметке тарту.

Осы жоба аясында Қарағанды облысында мемлекеттік орган­дардағы бос жұмыс орындарын сара­лау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы дамыған отыз мемлекеттің қатар­ына кіру жоспарының маңызды тұстары айтылды. Бұл ретте, қызметшіні мемлекеттік қызметке бейімдеуде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жоғары деңгейде жүзеге асыруға қабілетті кадрлар қарастырылды. Олардың қызметтегі әлеуеті үшін – мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастырудың маң­ызды тұстары ескерілді. Сон­дай-ақ, жиынға қатысқандар мем­лекет жүргізіп отырған бас­қару қызметтерінің ти­ім­­ді жақ­тар­ын қоғамдағы әре­кет­тер арқылы баға­лауды мақсат тұтты. Мем­лекеттік орган қызмет­кер­лерінің әре­кетін нақты әлеуметтік топтар мен жал­пы қоғамның тал­аптарына сай дәрежеде бекіту жағы көзделді. Мемлекеттік қызмет пен қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне, мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызын арттыруға сеп болатыны айтылды.

Жалпы, Қазақстан Республи­касы Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті бастамасымен жасалған саралау жұмыстарының нәтижесі бірқатар мемлекеттік органдарда кадрлық жетіспеушілік орын алғанын көр­сетті. Мамандардың айтуынша, сұраныс бар жерде ұсыныстың болары мәлім. Еңбек нарығы дипломы бар кадрларға толып тұр. Алайда, еңбек нарығының ұсыныстарға осыншама кілкіп толғанына қарамастан, сұраныс баяғы қалпынан өзгерген жоқ.

Осыған байланысты, «Алғашқы қадам» жобасы қалыптасқан жағдай бойынша негізгі амалдарды қолдана отырып, шешім шығару үшін жасалды. Бастамаға орай, «Алғашқы қадам» аясындағы жұмыстар жоғары курс студенттері арасында жүргізілмек. Бұған жоғары оқу орны түлектері де қатысады. Жиында айтылғандай мемлекеттік қызметшіде кәсіби біліммен қатар жоғары моральдық жауапкершілік болуы міндетті. Қызметте оны іс жүзінде қолдана біліп, өмірлік ұстанымына айналдыруы тиіс.

Кездесу барысында қатысу­шылар үшін мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі, оның басым­дық­тары мен пайдалы тұстары жөнінде кеңінен айтылды. Ел дамуының қазіргі кезеңінде мем­лекеттік қызметшінің рөлі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы ақпарат ұсынылды. Мемлекеттік қызметке орналасудың тиімді тұстары, сондай-ақ, қызметте табысты әрі мүлтіксіз мансап құрудың алғышарттары түсіндірілді.

Алдағы уақытта «Алғашқы қадам» жобасы аясында мем­лекеттік қызметке орналасуға ниеттілер үшін – белгілі лауазым­ды алғанға дейін депар­тамент тарапынан қолдау шаралары жүргізілмек. Сондай-ақ, департа­мент қызметкерлері мемлекеттік органдарға қызметке орналасудың барлық кезеңдерінде жас маман­дарға кәсіби қолдау көрсетпек.

Жалпы, аталмыш жобаның мемлекеттік қызметтің толыққанды дәріптелуіне мүмкіндік жасайтынын айта кеткен жөн. Өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша депар­таменті «Алғашқы қадам» жобасын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті барлық азаматтардың талабын қолдайды. Департамент өкілдері: «Мемлекеттің алдыға қойған биік мақсаттарына қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен билік институттарының тарапынан қосымша күштерді жұмылдыру арқылы жаңа тәсілдерді қолдану қажет. Жиында талқыланып отырған «Алғашқы қадам» жобасы – мемлекеттік қызметшілерге деген сенім деңгейінің артуына және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға серпін береді» дейді.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button