Алқап аумағы артады

Облыс әкімінің орынбасары Серік ШАЙДАРОВ жұмыс сапарымен Абай ауданына барды. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары көктемгі егіс жұмыстарымен және сүт-тауар фермаларының құрылысымен танысты.

Қырда қызу еңбек жүргізілуде. Алқаптардың 80%-дан астамына дән себілді. Картоп пен көкөніс отырғызу жұмыстары жоспарланған көлемінің жартысынан асып түсті. Биыл Абай ауданында егіс алқабы 6,3%-ға артып, 55456 гектарды құрады.

Серік Шайдаров Южный кентіндегі және Көксу ауылдық округіндегі кәсіпорындарға барды. Мұнда жаңа сүт-тауар фермалары салынуда. Шаруашылық басшылары сүтті мал шаруашылығын дамыту жоспарлары туралы айтты.

Южный кентінде 600 ірі қара малға арналған сиыр фермасы тұрғызылуда. Жобаны «Жүнісов» жеке кәсіпкерлігі жүзеге асыруда.

«Шанс» шаруа қожалығы – аудандағы ірі астық және картоп өндірушілердің бірі. Егістік алқабы 15 мың гектарды құрайды.

– Биыл тұқымды жаңарту үшін біз 40 тонна «Боевчанка» және «Микамеро» бидайының элиталық тұқымын, 40 тонна «Эксплоер» және «Вакула» арпасының элиталық тұқымын және 8 тонна «Вакула» сортты арпа тұқымын, 400 тонна «Гала» элиталық картоп тұқымын сатып алдық, – деді шаруашылық басшысы Игорь Жабяк.

Сонымен қатар, «Шанс» шаруа қожалығы сүт-тауар фермасының құрылысын жүргізуде.

«Астра-Агро LTD» ЖШС жоғары репродукциялы тұқымдық картоп өндірумен танымал. Кәсіпорын бидай мен арпа да өсіреді. Және сүтті мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда 500 басқа арналған сиыр фермасы салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.