АймақБас тақырып

Қарағанды облысында бес жылда балалар саны 12 мыңға өсіп, 319 мыңға жетті

Қарағанды облысында тәулігіне 52 бала дүниеге келеді екен. Биылғы жылдың алты айында 8 707 мың бала дүниеге келді. Тағы 7 500 әйел сәби күтіп жүр. Облыстың денсаулық сақтау басқармасында айтылған дерекке сенсек, соңғы бес жыл ішінде аймақтағы балалар саны 12 мыңға өсіп, 319 мыңға жеткен.

– Аймақта босандыру қызметін дамыту қолға алынған.  Облыстық клиникалық аурухана базасында ашылған отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығында клиникалық-диагностикалық бөлімше, медициналық-генетикалық қызмет және ұрықты қорғау орталығы жұмыс істейді, – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Спикердің айтуынша, хирургиялық белсенділік 59%-дан 61%-ға өскен. Бұл уақытылы медициналық көмек көрсетуге және өлім-жітімді азайтуға әсер етеді. Биылғы алты айда 43 мың операция жасалған. Бұл тәулігіне – 240 операция. Оның ішінде, жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 321 операция жасалған. Оның ішінде, экстракорпоралды ұрықтандыру бойынша технологияны айтуға болады. Биыл ЭКҰ-ға 403 квота бөлінді. Өткен жылы ЭКҰ жолымен 156 бала дүниеге келген.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button