Жаңалықтар

Академия филиалының басшысы тағайындалды

  Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру шеңберінде облыстық әкімдіктер жанындағы Өңірлік біліктілікті арттыру орталықтары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарына қайта өзгертілді.

Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру кәсіби мемлекеттік аппаратты және оқу процесін ұйымдастырудың озық тәжірибесін трансляциялауға бағытталған, бірінші институционалды реформаны сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы бойынша Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығын зейнет жасына жеткен Амантай Өмірзақұлы Өмірзақов табысты басқарды. Амантай Өмірзақұлына Академия басшылығының атынан адал еңбегі мен оқыту жүйесін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін алғыс білдірілді.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрығымен Қарағанды облысы бойынша қайта өзгертілген Академия филиалын Азамат Сағатұлы Жолманов басқаратын болды.

Азамат Сағатұлы тағайындауға дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты директорының орынбасары лауазымын атқарған. Аталған тағайындау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевпен келісілді және меритократия қағидатының көрінісі ретінде қаралады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button