Жаңалықтар

Аймақ жастары – белсенді

   Бүгінгі күні жастардың өзін-өзі басқарудағы рөлі – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі мәселенің бірі. Осы орайда «Достық үйінде» аймақтық жастардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының слеті өтті. 

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Құттыбай, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанов  және жастардың өзін-өзі басқару органдарының жетекшілері, жас­тар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Слетте мемлекет пен жас­­тардың өзін-өзі басқаруы өкіл­дерінің өзара ынтымақтас­ты­ғын дамытып,  диалогтік алаң­дар құру жайы сөз болды. Жас­тар өзара пікір алмасып, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма арасындағы Меморандумға қол қойылды.

Жалпы, «Мемлекеттік жас­тар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жастардың өзін-өзі басқаруы – тұлғалық және кә­сіби өсу, қоғамда ойдағыдай әлеуметтену, өзінің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ұйымдастыру нысаны болып табылады. Сондықтан, жастардың өзін-өзі басқаруы – қазіргі таңда тұлғаның жауапкершілігі мен әлеуметтік белсенділігін құрайтын белсенді қызмет болып танылып жүр.

Ал, облыстық жастар сая­саты мәселелері жөніндегі бас­қармасының өзіндік азаматтық және әлеуметтік ұстанымының болуы – облыс жастарына сер­пін беруде. Сондай-ақ, өздерінің құқықтары мен принциптерін қорғауға ықпал жасайды. Оған қоса, жастарға басқару қызметі бойынша тәжірибе жинақтауға, жас азаматтардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Аймақ бойынша әртүрлі мәселелерді шешуге кеңінен мүмкіндік беруде.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button